Accessibility links

Дэвис кубогының рейтингі: Қазақстан 12-орында


Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Дэвис кубогы жарысында
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Дэвис кубогы жарысында

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогының ширек финалынан кейін әлемдік рейтингті жаңартып, қайта жариялады.

20 шілдеде жаңарған рейтингте Қазақстан 12-орынды сақтап қалды. Ширек финалда Қазақстан Австралиядан 2:3 есебімен жеңіліп, жартылай финалға шыға алмай қалған. Ал Австралия осы жеңісінен кейін рейтингте екі саты көтеріліп, 7-орынға шықты.

Қазақстаннан кейінгі сатыда АҚШ, Жапония, Германия, Хорватия орналасқан. Ресей 30-орыннан 22-орынға көтерілді. Ресей Дэвис кубогының бірінші тобында өткен матчта Испанияны жеңген еді.

Үздік үштікте Чехия, Швейцария, Франция тұр.

XS
SM
MD
LG