Accessibility links

"Болашақ" түлектері еңбек ету мерзімін азайтуға мүмкіндік алады


Филадельфия қаласындағы "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер.
Филадельфия қаласындағы "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер.

"Болашақ" бағдарламасының түлектері аудандар мен аймақтардағы мемлекеттік органдарға қызметке барса ел аумағында жұмыс істеу шарты қысқарады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте "Нұр Отан" партиясының қоғамдық саясат институты директоры Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Болашақ" бағдарламасының ережесі бойынша бұл стипендия түлектері оқу бітірген соң Қазақстан аумағында бес жыл еңбек етуі тиіс.

Саясат Нұрбек айтуынша, "Болашақ" түлектері аудан және аймақтардағы әкімдіктер мен түрлі органдарда қызмет етсе елде еңбек ету шарты бес жылдан қысқарады. Бірақ ол Қазақстан аумағында еңбек ету мерзімі нақты қанша уақытқа қысқаратыны туралы ақпарат айтпады.

XS
SM
MD
LG