Accessibility links

Франция сыртқы істер министрі Иранға барады


Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.
Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус келесі аптада Иранға сапармен баратынын мәлімдеді.

21 шілдеде Француз радиосына берген сұхбатында ол сапар барысында Иран президенті Хассан Роуханимен кездесетінін айтқан.

Бұған дейін Фабиустың көмекшісі France Press агенттігіне министрдің Иранға 29 шілдеде баруы мүмкін екенін айтқан.

14 шілдеде Венада Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзақ мерзімдік келісім жасасқан. Ол бойынша, Иран ядролық бағдарламасының басым бөлігі ұзақ мерзімге шектеліп, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкциялар біртіндеп алынады.

Келісімнен соң ұзамай Германия экономика министрі Сигмар Габриэль ұзақ жылдық санкциялардан кейін 19 шілде күні герман үкіметінің алғашқы жоғары шенді өкілі ретінде Иранға барған. Ол сапарында ұзақ жылдар бойы тоқтап қалған Германия-Иран экономикалық комиссиясы 2016 жылдан қайта жұмыс істей бастайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG