Accessibility links

ДСҰ: Түркіменстан - темекіні ең аз тарататын ел


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Маргарет Чан Ашхабатта өтіп жатқан денсаулық сақтау форумында Түркіменстан халқының «тек сегіз пайызы темекіге әуес» екенін мәлімдеді.

Маргарет Чан бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіш екенін де атап өтті.

Түркіменстан 2000 жылы қоғамдық орында темекі тартқандарға көлемді айыппұл салу туралы заң қабылдаған. 2013 жылы темекіге қарсы заң қабылданып, мемлекеттік органдарда, жеке кәсіпорындарда, оқу орындарында, мейрамхана, парк, дүкендерде темекі тартуға тыйым салынған.

Елде БАҚ беттерінде темекі өнімдерін жарнамалауға да рұқсат жоқ.

XS
SM
MD
LG