Accessibility links

Астанада пикетке шыққан адамға ескерту жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада сот үйсіздікке наразылық акциясын өткізді деген ер адамға әкімшілік ескерту берді. Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған "заңсыз пикет өткізді" деген айып тағылған.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты айыпты деп танылған адамға ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындауға шешім шығарған. Соттың хабарлауынша, ер адам өткен жұма, шілденің 17-сі күні "Баспанасыздыққа жол жоқ" деген жазуы бар плакат ұстап "пикет түрінде рұқсат етілмеген наразылық акциясын" өткізген. Сот айыптының өз кінәсін "мойындағанын" айтады.

XS
SM
MD
LG