Accessibility links

Украинада басқарушы коалиция референдумға қарсы


Украина парламентіндегі "Петр Порошенко блогы" фракциясы жетекшісі Юрий Луценко.
Украина парламентіндегі "Петр Порошенко блогы" фракциясы жетекшісі Юрий Луценко.

Украинаның басқарушы коалициясы жетекшілері әсіре ұлтшыл "Правый сектор" ("Оңшыл сектор") ұйымының бүкілукраиналық референдум өткізу туралы ұсынысын қолдамады.

Бүгін Киевте журналистер алдында сөйлеген парламенттегі "Петр Порошенко блогы" фракциясының жетекшісі Юрий Луценко референдум идесының өзіне қарсылық білдірді. Ал "Самопомич" фракциясының жетекшісі Олег Березюк референдум өткізуге "ешқандай себеп жоғын" айтты.

21 шілдеде "Правый сектор" жетекшісі Дмитрий Ярош өз ұйымы талаптары - үкіметке сенімсіздік білдіру, еріктілер қозғалысын заңдастыру, Украина шығысындағы оккупацияланған аймақтарды блокадаға алу сияқты мәселелерді құқықтық жолмен - референдум арқылы шешуге тырысатындарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG