Accessibility links

Грекияның кредиторлармен келіссөзі басталды


Еуропа Одағы экономикалық комиссары Пьер Московичи. Брюссель, 22 шілде 2015 жыл.
Еуропа Одағы экономикалық комиссары Пьер Московичи. Брюссель, 22 шілде 2015 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) экономикалық комиссары Пьер Московичи Брюссельде Грекиямен осы елге жаңа көмек қаржы беру туралы келіссөз басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, келіссөзге қатысушылар "түсіністік меморандумын" талқылап жатыр және тараптар тамыздың ортасында келіссөзді жалғастыруы ықтимал.

Грекиямен келіссөз жүргізіп жатқан кредиторлар - Еуропа комиссиясы, Халықаралық валюта қоры және Еуропа орталық банкі.

Шілденің 13-інде кредиторлар Грекияға үш жылға 86 милилард еуро көлемінде көмек қаржы беру туралы келісім жасасқан. Грекия парламенті көмек қаржыны алу үшін салықты көбейтіп, шығысты азайтатын реформалар жүргізу жөнінде заңдарға өзгеріс енгізуге дауыс беруді бастаған.

Грекия үкіметі 21 шілдеде түпкілікті келісімді 20 тамызға дейін жасағысы келетінін мәлімдеген. 20 тамызда Афинаның Еуропа Орталық банкіне қарызы бойынша 3,2 миллиард еуро төлеу мерзімі аяқталады.

Грекия қыркүйек айында Халықаралық валюта қорына да қарызы үшін 1,5 миллиард еуро төлеуі тиіс.

XS
SM
MD
LG