Accessibility links

АҚШ Гуантанамоны жабу жоспарын дайындап жатыр


Гуантанамо түрмесі
Гуантанамо түрмесі

Ақ үй өкілі Джош Эрнест мәлімдеуінше, Вашингтон Гуантанамо түрмесін жабу туралы арнайы жоспарды аяқтауға жақын. Жоспар дайын болған соң конгреске жіберіледі.

Вашингтондағы өткен баспасөз мәслихатында Эрнест жасалған жұмыстың өте қиын екенін және Ақ үй "маңызды қадамға" барғанын айтты.

Конгресс мүшелері Барак Обама әкімшілігінің Гуантанамо түрмесін жабуына бірнеше рет қарсы шыққан.

Гуантанамо - 2002 жылы Кубада ашылған "Әл-Каида", "Талибан" және тағы басқа терроризмге қатысы бар сотталушыларды қамайтын АҚШ-тың әскери базасы.

XS
SM
MD
LG