Accessibility links

Роскосмос: Айымбетовтың ғарышқа сапарын Қазақстан төлейді


Айдын Айымбетов.
Айдын Айымбетов.

Қазақстан ғарышкері Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарын Қазақстан төлейді деп мәлімдеді Байқоңырда өткен баспасөз мәслихатында «Роскосмос» басшысы Игорь Комаров.

«Бұл сапарды (Айдын Айымбетовтың – ред.) толығымен Қазақстан тарабы төлейді. Барлық келісімдер жасалған» деген Комаров.

Ол Айдын Айымбетовтың костюмі мен ложементі дайындалып жатқанын айтып, уақытында дайын болады деп сендірді.

Бұған дейін Қазақстан аэроғарыш комитеті Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшу сапары 20 миллион долларды құрайтыны жайлы хабарлаған.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарында 2-бортинженер қызметін атқаратыны айтылған.

Ғарышқа ұшудан үмітті екі қазақстандық – Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді әзірлеу орталығында дайындықтан өткен. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ, Қазақстан жағы қаржы тапшылығына байланысты ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырған.

XS
SM
MD
LG