Accessibility links

Керри "Уэльс декларациясының" 75 жылдығына мәлімдеме жасады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік департаменті Джон Керри 22 шілдеде АҚШ-тың СССР-дің Латвия, Литва және Эстонияны өзіне қосып алғанын мойындаудан бас тартатынын жариялаған тарихи құжат - "Уэльс декларациясына" 75 толғанына орай мәлімдеме жасады.

1940 жылы 23 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысы Самнер Уэльс мәлімдеме жасап, Балтық бойындағы үш елдің Совет Одағына күштеп қосылғанын айыптаған.

Керридің "Уэльс декларациясының" 75 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінде "Совет Одағы оккупациясы жылдарында АҚШ-тың Балтық бойы елдерінің еркіндік алу ұмтылысына қолдауы мызғыған жоқ. Үш ел тәуелсіздік алғаннан бері АҚШ олардың берік демократия институттарын қалай құрып жатқанына және Еуропа мен трансатлантикалық қауымдастықтардағы өздеріне тиесілі орнын иеленіп жатқанына сондай тәнті болып отыр" делінген.

1940 жылдан 1990 жылдары тәуелсіздік алғанға дейін Вашингтонда Балтық бойы елдерінің дипломатиялық өкілдіктері болды.

Қазір Украинадағы дағдарысқа байланысты АҚШ НАТО мүшелері - Шығыс Еуропа елдерінде төтенше жағдай кезінде қажет ауыр әскери техника орналастыруды қарастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG