Қазақстан әскери-теңіз күштерінің екі артиллериялық зымыран кемесі бүгін Каспий маңы елдері әскери-теңіз күштерінің халықаралық "конкурсына" қатысуы үшін теңіздің Ресейге тиесілі аумағына қарай жөнелді. Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Каспий теңізі - 2015" жаттығуына қатысатын кемелер Махачкала портына ертең жетеді.
"Каспий теңізі - 2015" жарысы 1-15 тамызда өтеді. Бұған дейін жарысқа Қазақстан мен Ресейден өзге Әзербайжан мен Түркіменстан әскери кемелері де қатысатыны хабарланған.