Accessibility links

Түркия ИМ шабуылынан соң Сириямен шекараға ұшақ жіберді


Сириямен шекарада тұрған түркім шекарашысы. 22 шілде 2015 жыл.
Сириямен шекарада тұрған түркім шекарашысы. 22 шілде 2015 жыл.

Түркия әскерилері 23 шілдеде елдің оңтүстік-шығысындағы Сириямен шекарасында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының күдікті содырлары шекара бекетінде түрік сарбазын өлтірген шекараға әскери ұшақ жіберді.

Түркия билігі түркиялық шекара бекеті Сирияның ИМ бақылауындағы аймағынан атқыланғанын айтады. Түркия әскерилері жауап оқ атып, ИМ-нің күдікті бір содырын өлтірген.

23 шілде күні ертерек күрдтер көп тұратын Диярбакыр қаласында көліктерді тексеріп жатқан бір түрік полиция офицері оққа ұшып, біреуі жараланған.

22 шілдеде Күрдістан жұмысшы партиясының қарулы бір топ мүшесі Сириямен шекарада екі полицейді атып өлтірген. Топ мұны 20 шілдеде күрдтер көп тұратын Суруч қаласында ИМ содырларының шабуыл жасап, 32 адам мерт болғанына кек қайтару деген.

Түркиядағы күрдтер үкіметін өздеріне ИМ содырларынан төнетін қауіпке көз жұма қарайды деп наразы.

XS
SM
MD
LG