Футболдан Алматының "Қайрат" командасы Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шықты.
Алматылық клуб қос матч қорытындысы бойынша армениялық "Алашкерт" командасын жеңді.
23 шілдеде Ереванда өткен қарымта матчта "Алашкерт" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ Алматыда өткен алғашқы матчта "Қайрат" 3:0 есебімен ұтқан. Екі матч қорытындысы бойынша 4:2 есебімен басым түскен "Қайрат" үшінші кезеңде ойнайды.
"Қайрат" бұл кезеңде шотландиялық "Абердин" командасымен ойнайды. Алғашқы матч 30 шілдеде Алматыда, қарымта матч 6 тамызда Шотландияда өтеді.