Accessibility links

Лукашенко Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру келісіміне қол қойды


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына кіруі туралы келісімге қол қойды. Бұл жайында Қырғызстанның Беларусьтегі елшісі Кубанычбек Өміралиев хабарлады.

Елшінің айтуынша, Беларусь сыртқы істер министрлігі Еуразия комиссиясына келісімге қатысты мемлекетішілік процедураның аяқталғаны туралы ескерту нотасын жолдаған.

Ресей, Беларусь жіне Қазақстан кіретін ҚЕАЭО құру туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген. Армения 2 қаңтардан бастап ЕАЭО мүшесі болды.

XS
SM
MD
LG