Accessibility links

British Airways Алматы рейсін қысқартпақшы


British Airways ұшағы. Көрнекі сурет
British Airways ұшағы. Көрнекі сурет

Ұлыбританияның British Airways әуе компаниясы биылғы қазан айынан бастап Лондондағы Хитроу әуежайынан Алматыға ұшатын рейсін қысқартатынын хабарлады. Компания бұл рейсті "коммерциялық жағынан маңызды болмай қалды" деп сипаттаған.

Әуе компаниясының ең соңғы BA062/063 рейсі Алматыға 11-12 қазан күндері ұшып барып қайтады.

Әзірше BA B767 ұшағымен Алматыға аптасына үш мәрте қатынап тұр.

Шілденің басында BA компаниясы қазан айында Үндістан астанасы Делиге B787-9 ұшағымен қатынайтын Dreamliner қызметін бастайтыны туралы жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG