Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистер Донецк облысындағы Дзержинск қаласын атқылағаны туралы ақпарат тарады. Қалаға қарай Горловка елдімекені жағынан оқ атып жатыр деп хабарлаған жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желілердегі ақпаратына сілтеме жасап УНН сайты.
Сенбі күні кешке сепаратистер Луганск облысындағы Счастье қаласына да шабуылдаған. Үкімет жағындағы «Айдар» батальоны сарбаздары осы қаланы тастап шығып жатқан.
Осы екі оқиға кезінде бұған дейін Минскіде жасалған бітім туралы келісім бойынша қолдануға тыйым салынған ауыр қару түрлерінен атқылағаны айтылып отыр.
Адам шығыны туралы ақпарат түскен жоқ.