Accessibility links

Головкин келесі кездесуін канадалық боксшымен өткізеді


Геннадий Головкин (оң жақта).
Геннадий Головкин (оң жақта).

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің кезекті кездесуін 17 қазанда Нью-Йоркте өткізеді. Оның кезекті қарсыласы - канадалық Давид Лемье.

Лемье рингте 36 кездесу өткізіп, 34 жеңіске (31 нокаут) жеткен, екі кездесуінде жеңілген.

Соңы кездесуін биыл 20 маусымда Монреальда (Канада) француз Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

Ал 33 жасар Головкин 33-кездесуін жеңіспен аяқтаған. Қазақстандық боксшы бұл кездесулерінің 30-ын нокаутпен жеңді. Қазақстандық кәсіпқой боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) дәрежелері бойынша әлем чемпионы.

XS
SM
MD
LG