Accessibility links

Серік Ахметовтің сотында үзіліс жарияланды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

Бұрынғы премьер-министр және қорғаныс министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша сот іске қатысты тағы бір айыпталушының адвокатының сотқа келмеуіне байланысты 28 шілде күні таңрертең жалғасады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Бүгін басталған алдын-ала тыңдауда айыпталушылардың бірі Оразалы Айнембетовтің адвокаты болмады. Айыпталушылар арасында Ахметов пен Айнембетовтен өзге Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысы мен Қарағанды қалалық әкімдіктерінің бұрынғы бірнеше қызметкері бар. Оларға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметовке бұдан өзге аса ірі көлемде пара алды деген де айып тағылған.

Қылмыстық іс Қарағанды облыыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында қаралып жатыр.

Серік Ахметов 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр. Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов өткен жылдың күзінде қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG