Accessibility links

Путин: Блаттер Нобель сыйлығына лайық


ФИФА президенті Йозеф Блаттер (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 25 шілде 2015 жыл.
ФИФА президенті Йозеф Блаттер (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 25 шілде 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ФИФА президенті Йозеф Блаттер әлем футболының дамуына қосқан үлесі үшін Новель сыйлығына лайық деп мәлімдеді.

«Әлемдік футбол мен спорт федерациялары басшыларының жұмысы алғысқа лайық. Олар Нобель сыйлығына да лайық" деді Путин швейцариялық телеарналарға берген сұхбатында.

Мамырдағы ФИФА президенті сайлауында жеңіске жеткен Блаттер 2 маусымда ФИФА-ның жеті шенеунігі коррупциялық қылмысқа қатысты қамауға алынғаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген. Кезекті президент сайлауы 2016 жылы 26 ақпанда өтеді. Оған дейін президенттік қызметті Блаттер атқара береді.

25 шілдеде Блаттер Санкт-Петербургке барып, Ресейдің 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу реpолюциясын жариялап, қолдау білдірді.

XS
SM
MD
LG