Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы арзандай бастады. Бүгін Мәскеу қор биржасында ертеңгілік саудада бір доллар бағасы 2015 жылдың наурызынан бері бірінші рет 60 рубльден асты. Еуро да төрт айда бірінші рет қымбаттап, 66 рубль 69 тиынға жетті.
Биржа сарапшыларының пікірінше, рубльдің арзандауы әлемде мұнай бағасының арзандауымен байланысты. 28 шілдеде таңертең Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 53 доллардан төмендй түсті.