Ресей бас прокуратурасы "Ұлттық демократияны қолдау қоры" үкіметтік емес ұйымын қызметі "ұнамсыз" ұйым деп таныды. Прокуратура бұл шешімін қордың "сайлау кампанияларының нәтидесін заңсыз деп тану жұмысына қатысқанына", саяси акциялар өткізіп, "Ресей қарулы күштерінде қызмет ету беделіне нұқсан келтіруді қолдағанына байланысты шығарған.
АҚШ-тың "Ұлттық демократияны қолдау қоры" дамушы елдердегі демократияны қолдаумен айналысады. Ресейде қор көбінесе Мәскеу Хельсинки тобы мен "Адам құқықтары үшін" қозғалысын қаржыландырған. Қор Ресейде "қызметі ұнамсыз" деп танылған алғашқы ұйым болып отыр.
Шілденің басында Ресей Федерация кеңесі бас прокуратураға шетелдік 12 ҮЕҰ жұмысының "ұнамсыз ұйымдар" туралы заңға сай, я сай еместігін тексеруді сұраған. Ол ұйымдар қатарында "Ұлттық демократияны қолдау қорынан" өзге АҚШ-пен байланысы бар ағарту, құқық қорғау және ғылыми қызметпен айналысатын 11 ұйым бар.
Ресей заңына сай, "қызметі ұнамсыз" ҮЕҰ-ға Ресей территориясында жұмыс істеуге тыйым салынады. Ал ол ұйымдармен жұмыс істескендерге қылмыстық жаза көріледі.