Accessibility links

Иран мен ЕО жоғары деңгейлі келіссөз бастамақ


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф (оң жақта) пен ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини. Тегеран, 28 шілде 2015 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф (оң жақта) пен ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини. Тегеран, 28 шілде 2015 жыл.

Иран мен Еуропа Одағы жоғары деңгейлі келіссөздер бастауға келісті. Бұл жайында бүгін Тегеранда ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могеринимен кездескен Иран сыртқы істер миинстрі Мохаммад Джавад Зариф мәлімдеді.

Могерини Тегеранға Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнің орындалуын талқылау үшін бір күндік сапармен барған. Зарифтың айтуынша, келіссөз жақын уақытта басталмақ.

"Біз Иран мен ЕО арасында түрлі мәселелерде, оның ішінде энергетикалық ынтымақтастық, адам құқықтары, терроризммен күрес және аймақтық мәселелерде ынтымақтастық орнатуға қатысты жоғары деңгейлі келіссөз жүргізуге келістік" деді Могерини.

Зариф бұған қоса АҚШ-ты ядролық келісімді "Иран халқына деген сенімсіздікті жою үшін" орындауға шақырды.

14 шілдеде Венада Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзақ мерзімдік келісім жасасқан. Ол бойынша, Иран ядролық бағдарламасының басым бөлігі ұзақ мерзімге шектеліп, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкциялар біртіндеп алынады.

XS
SM
MD
LG