«Қазсат» жобасының құны – 40 миллиард теңге. Бұл туралы бүгін Қазақстан ұлттық ғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл сомаға мамандарды оқыту құны да кіреді.
Қазақстан 2006 жылы «ҚазСат-1», 2011 жылы – «ҚазСат-2» спутнигін ұшырған. Қызмет ету мерзімі он жылға жарамды деп хабарланған «ҚазСат-1» жасанды жер серігі екі жылдан кейін істен шығып қалған еді.
2014 жылы сәуірде Қазақстан ғарышқа «ҚазСат-3» спутнигін ұшырған.