Accessibility links

Мигранттар Ла-Манштағы туннельден жаппай өтпекші болды


Мигранттар көлік жолымен Кале қаласына бара жатыр. 17 маусым 2015 жыл.
Мигранттар көлік жолымен Кале қаласына бара жатыр. 17 маусым 2015 жыл.

Француз билік орындары екі мыңнан аса мигранттың сәрсенбі күні Ұлыбританияға Ла-Манш астындағы туннель арқылы өтпек болғаны туралы хабарлады. «Соңғы бір жарым айдың көлемінде шекарадан жаппай өтпек болған ең үлкен оқиға кезінде туннельге екі жүзге жуық күзет және полиция қызметкерлері жұмылдырылды» деп хабарлады Eurotunnel компаниясы баспасөз хатшысы.

Жергілікті билік мәліметі бойынша, Францияның Кале қаласындағы туннельге кіретін жерде алты мигрант әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. «Түн ішінде туннельге 2100-ге жуық адам кіріп алған, олардың 1900-дейін сыртқа шығарып, екі жүзге жуық адам ұсталған» деп мәлімдеді билік өкілі. Маусым айының басынан бері туннельден өтіп кетпек болған сегіз адам опат болған.

Eurotunnel компаниясы мигранттардың жаппай туннельден өту әрекетіне сәрсенбі күні жолдың көп бөлігінде көлік қатынасының кешігуі себеп болғанын хабарлады.

Мұндай оқиғалар француз порты жанында, негізінен Ауғанстан, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген бес мыңға жуық эмигрант лагерь құрып алғалы бері жиілеп кеткен. Олар әлсін әлі Ұлыбританияға өтіп кетуге әрекет жасайды: кейде туннель арқылы өтетін жүк көліктеріне жасырынса, енді бірде британ жағалауына баратын паромдарға жабысады.

XS
SM
MD
LG