Accessibility links

Киев француз депутаттарының Қырымға сапарын тексеріп жатыр


Француз депутаттары екінші дүниежүзілік соғыста Севастопольді қорғағандарға арналған ескерткіш мемориал алдында. Қырым, Украина, 24 шілде 2015 жыл.
Француз депутаттары екінші дүниежүзілік соғыста Севастопольді қорғағандарға арналған ескерткіш мемориал алдында. Қырым, Украина, 24 шілде 2015 жыл.

Украина француз депутаттарының таяуда аннексияланған Қырымға сапарын тексере бастады. Украиналық депутат Георгий Логвинский 30 шілде күні бас прокуратураның тергеу бастағаны туралы ресми хатын жариялады.

Бас прокурордың орынбасары Анатолий Матиостың қолы қойылған хатта тергеушілердің Францияның бір топ депутатының "Украинаның уақытша оккупацияланған территориясына заңсыз келіп кеткенін" тексеріп жатқаны айтылған.

Француз депутаттары бұған дейін Қырымға сапары қарсаңында түбекке барудағы мақсаттары "ондағы халықтың қалай тұрып жатқанын түсіну" және Еуропа ақпарат құралдарындағы "Ресей аннексиясын халықаралық қауымдастықтың мойындамайтыны туралы дезинформацияға қарсы тұру" деп атаған.

Франция сыртқы істер министрі Лорен Фабиус француз депутаттарының Қырымға сапары өзін "естен тандырғанын" мәлімдеп, делегация сапарын халықаралық құқықты бұзады деп айыптады.

Украина сыртқы істер министрлігі француз депутаттарының сапарын "жауапсыздық" деп атап, ол депутаттардың елге кіруіне тыйым салатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG