Қарағанды облысындағы "Факел" балалар лагерінде болып, уланған 40-қа тарта бала бүгін дәрігерлерге жүгінді деп хабарлады Теміртау қаласының прокуратурасы. Балалардың уланғанына қатысты бұдан өзге ақпарат жоқ. Қалалық прокуратура ауырған балалардың ата-аналарынан шағым түспегенін айтады.
Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары лагерде болған 40-қа тарта баладан улану белгісі бары анықталып, лагерге дәрігерлер мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілдері барғанын хабарлаған.
Биыл жаз кезінде 200-ден астам бала демалған.