Accessibility links

Иерусалимде өткен гей-парадта алты адам зардап шекті


Иерусалимдегі гей-парадта зардап шеккен адамды медициналық жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. 30 шілде 2015 жыл.
Иерусалимдегі гей-парадта зардап шеккен адамды медициналық жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. 30 шілде 2015 жыл.

Иерусалимдегі гей-парад кезінде алты адам жарақат алған. Азаттықтың Орыс қызметінің Израильдегі тілшісінің хабарлауынша, шілденің 30-ы күні өткен гей-парад кезінде оған қатысушы алты адамды еврейлік ультрадіншіл пышақпен жарақаттаған.

Зардап шеккендердің біреуінің хал үстінде жатқаны, тағы екеуінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Бұл оқиғаға күдікті ретінде полиция ұстаған Ишай Шлисель есімді азамат 2005 жылғы гей-парадта да қатысушыларға шабуыл жасап үш адамды жарақаттаған және сол қылмысы үшін түрмеге отырып шыққан.

XS
SM
MD
LG