Accessibility links

Грузия Ресейге жаңа санкция салғанын терістеді


Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары, премьер-министрдің арнайы өкілі Зураб Абашидзе.
Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары, премьер-министрдің арнайы өкілі Зураб Абашидзе.

Грузия билігі кейбір ақпарат құралдарында хабарланған Тбилисидің Еуропа Одағының (ЕО) Ресейге қарсы салған жаңа санкцияларына қосылғаны туралы ақпаратты терістеді. Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары әрі премьер-министрдің арнайы өкілі Зураб Абашидзе ақпарат өткен жылы қабылданған шешімге қатысты екенін айтты.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Еурокомиссия декларациясына сілтеме жасап, Грузияның Ресейге қарсы салған жаңа санкцияларына қосылғанын хабарлаған. Бұдан соң Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков грузин өнімдерін, оның ішінде шарап пен "Боржоми" минералды суын импорттауға салған эмбарго қайта енгізілуі мүмкін екендігін айтып, жауап шаралары қарастырылатынын меңзеген.

Азаттыққа сұхбатында Зураб Абашидзе БАҚ-та айтылған Ресейге қарсы санкциялар бір жыл бұрын енгізілгенін әрі Грузия санкциялардың бір бөлігіне ғана қосылғанын айтты. Оның сөзінше, Тбилиси ешқандай жаңа санкция салмағандықтан, Ресейдің шектеу шараларын енгізуіне себеп жоқ.

XS
SM
MD
LG