Петропавл қалалық соты "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыпталған тұрғын үш жылға сотталды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Арай Әлімовтің хабарлауынша, 22 жастағы тұрғын Алханашвилиге қылмыстық кодекстің 174 бабы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру") айып тағылған. Прокурор сотталушы "әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыратын түрлі арандатушылық материалдар жариялаған" дейді.