Accessibility links

Швеция Украинаны аннексиялауды тоқтатуды талап етеді


Швеция сыртқы істер министрі Маргот Вальстром.
Швеция сыртқы істер министрі Маргот Вальстром.

«Ресей өзі мақұлдаған қауіпсіздік пен ынтымақтастық принциптерін әдейі қыр көрсетіп бұзып отыр» деп жазады Хельсинки келісімдерінің 40 жылдығына арналған мақаласында Швеция сыртқы істер министрі Маргот Вальстром. Мақала бүгін «Дагенс Нюхетер» басылымында жарияланды.

Министрдің сөзінше, Ресейдің бұл қылығы Еуропадағы қауіпсіздік жағдайына әсер етеді. «Шекараны күшке сүйеніп өзгертуге болмайды» деп жазады ол.

Хельсинки келісімдерінің қорытынды құжатына қол қоюды Швеция сыртқы істер министрі тарихи оқиға деп атаған. «Бұл, әрине, қырғи-қабақ соғыстың соңы емес еді, бірақ бұл халықаралық шиеленісті бәсеңдетіп, ынтымақтастықты дамыту бағытындағы маңызды қадам болатын. Сонымен бірге, кейін Шығыс Еуропадағы тоталитарлық режимдердің іргесін сөгіп, ақыр соңында Берлин қабырғасын құлатқан жайт та осыдан бастау алады» деп жазады Маргот Вальстром.

«Біз Ресейден Украина территориясын заңсыз аннексиялауды тоқтатуын талап етеміз. Және біз Украинаға, ресейлік басқыншылыққа қарамастан табысқа жетуіне түрлі әдістермен – экономикалық, саяси жолдар арқылы көмектесуге тырысатын боламыз» деп жазады Швеция сыртқы істер мекемесінің басшысы.

Ол Украинада бейбітшілікке қол жеткізу жұмысында айрықша рольді бұдан 40 жыл бұрын Хельсинкиде негізі қаланған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атқарып отырғанын атап көрсеткен.

XS
SM
MD
LG