Accessibility links

Дияс WTA рейтингінде 32-орынға оралды


Зарина Дияс Уимблдон жарысында.
Зарина Дияс Уимблдон жарысында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA-ның (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде 32-орынға оралды. Ол бұған дейін 33-орынға түсіп қалған еді.

Диястың спорттық карьерасындағы ең үздік нәтиже - 31-орын.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 71-орыннан 70-орынға көтерілсе, Ярослава Шведова 107-орыннан 108-орынға түсті.

Зарина Дияс пен Юлия Путинцева бүгін Вашингтонда (АҚШ) басталатын Citi Open жарысына қатысады.

XS
SM
MD
LG