Accessibility links

Блаттер ХОК құрамынан да шықты


ФИФА-ның уақытша президенті Йозеф Блаттер.
ФИФА-ның уақытша президенті Йозеф Блаттер.

ФИФА президенті қызметінен өз еркімен кеткен Йозеф Блаттер Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) құрамынан да шықты.

Блаттер ХОК президенті Томас Бахқа "олимпиада комитеті құрамында болмайтынын" мәлімдеген.

Мамыр айында ФИФА президенті сайлауында жеңіске жеткен Блаттер 2 маусым күні, осы ұйымның жеті шенеунігі коррупцияға қатысты қамауға алынғаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген. ФИФА-ның кезекті президент сайлауы 2016 жылы 26 ақпан күні өтеді. Оған дейін президенттік қызметті Блаттер атқара береді.

XS
SM
MD
LG