Accessibility links

Қостанай әкімінің орынбасары "парамен ұсталды"


Қостанай облыстық картасы
Қостанай облыстық картасы

Қостанай қаласы әкімі орынбасарының "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Бұл туралы осы қаланың №2 сотына сілтеме жасаған қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Ақпараттарға қарағанда, қалалық сот өкілі "Антикоррупциялық қызмет өкілдері 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті "Сыл" ЖШС-і директоры Гагик Овняниннен пара алып жатқан жерінен ұстады" деп мәлімдеген.

Соңғы ақпараттар бойынша, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Хабарламада пара көлемі айтылмаған.

XS
SM
MD
LG