Accessibility links

"Артемдегі" жанжалға қатысты екі адам сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астананың Алматы аудандық 2-соты "Артем" сауда үйі маңында болған жанжалға қатысты бар деген екі адамды соттады. Бүгін қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот Д.Жолдасов пен Ш.Рахымовты бұзақылық жасады және полицияға бағынбады деп айыптап, екі жарым жылға бас бостандығын шектеу және 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын кескен.

Сот ұйғарымынша, айыптылар "Артем" сауда үйі маңында "қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай төбелес ұйымдастырған" және "полиция қызметкерлеріне бағынбаған".

"Артем" сауда үйіндегі төбелес 16 маусым күні кешкі сағат 20 шамасында болған. Оқиға "Артем" күзетшілерінің үш бала ерткен жас келіншектің сауда үйі алдында қайыр сұрауына рұқсат етпеуінен басталған. Полицияның ақпаратына қарағанда, күзетшілер келіншекпен сөзге келіп қалып, оқиға орнына топ адам жиналған.

Оқиғадан соң "жекеменшік күзет қызметінің қызмет өкілетін асыра пайдалануы" және сауда үйі күзетшілерінің шағымы бойынша "бұзақылық" бабымен іс қозғалғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG