Accessibility links

Ресейде санкцияға ұшыраған тауарларды жою тәртібі түзілді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресей эмбарго салған батыс елдерінің азық-түліктерін іздеп, жою жұмыстары шекарада ғана емес, Ресейдің барлық территориясында жүреді деп хабарлады "Коммерсанть" басылымына сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс қызметі. Басылымның жазуынша, бұл жұмыспен федералдық кеден қызметі, Роспотребнадзор және Россельхознадзор мекемесі мамандары айналысады.

Үкімет санкция салынған азық-түліктерді жоюдың ередесін бекіткен. Ол бойынша, азық-түлікті тәркілеу мен жою жұмысы тауардың кімдікі және оны кім жеткізгеніне қарамастан жүргізіледі. Азық-түлік өртеледі немесе зауыттан шыққан қаптамасы ашылғаннан соң қоқысқа жөнелтіледі.

Сауда орындарының өкілдері басылымға бұрынғы қоры таусылғандықтан тыйым салынған тауарлар ендігі сатылып жатпағанын айтқан.

29 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин санкцияға ұшыраған азық-түлік тауарларын жою туралы жарлық шығарған. Өткен жылдың тамыз айында Ресей Украинадағы қақтығысқа қатысы бар ресейлік компаниялар мен шенеуніктерге санкция салған батыс елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG