Accessibility links

Беларусьтің 24 шенеунігінен ЕО санкциясы алынды


ЕО туы. (Көрнекі сурет).
ЕО туы. (Көрнекі сурет).

Беларусь сыртқы істер министрлігі Еуропа Одағы (ЕО) кеңесінің 24 беларусь шенеунігін санкциялық тізімнен шығарғанын Минск мен Брюссель арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған "оң қадам" деп атады.

Министрлік 3 тамызда ЕО кеңесін "қарым-қатынасты жақсарту үшін" Беларуське салған барлық санкциялары мен шектеулерін алып тастауға шақырған. Бірақ Минск Брюссельмен "ортақ мүдделерге қатысты мәселелерде" келіссөзді жалғастыра беретінін білдірді.

ЕО-ның санкция тізімінен шығарылған 24 шенеуніктің көпшілігі президент Александр Лукашенко билігіндегі министрлер мен бұрынғы министрлер. Олардың ішінде Лукашенконың бұрынғы көмекшісі Наталья Петкевич пен президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Геннадий Невыглас бар. Санкция алынып тасталғандар ЕО-ның санкция тізімінде 2006 жылдан бері тұрған.

Санкция салынғандар арасында Беларусь ТВ1 телеарнасының иесі Юрий Прокопов, бірнеше университет ректоры мен 12 судья бар. Оларға ЕО аумағына кіруіне тыйым салынып, активтері бұғауланған.

ЕО кеңесі Беларусьтің 24 азаматының санкция салынғандар тізімінен не үшін шығарылғанын айтпады. Бірақ Брюссель "Беларусьте барлық саяси тұтқындар босатылып, ақталмағандықтан" және "бұл елде демократиялық қоғам мен заңдық мемлекет құру принциптері орнықпағандықтан" Минскіге қарсы санкция күшінде қалуы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG