Accessibility links

Жүзуден әлем чемпионаты: Баландин - 4-орын алды


Дмитрий Баландин.
Дмитрий Баландин.

Қазанда (Ресей, Татарстан) өтіп жатқан су спортынан әлем чемпионатында қазақстандық атлет Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден 4-орын алды. Бұл - Баландиннің әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі. Ол бұл қашықтықты 59,42 секундта жүзіп өтті.

Алтын медальды ұлыбританиялық Адам Пити (58,52) иеленсе, күмісті оңтүстікафрикалық Кэмерон ван дер Бург (58,59), қола жүлдені тағы бір ұлыбританиялық Росс Мердок (59,09) ұтып алды.

Баландин 2013 жылы Барселонада (Испания) өткен әлем чемпионатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 31-орын алған. Ол 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 50, 100, 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль алған.

Ол биыл Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен жазғы универсиада жарысында 100 метрге жүзуден чемпион атанды.

Қазандағы әлем чемпионатында Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден де жүлделі орындарға таласады.

XS
SM
MD
LG