Қазақстандық теннисші, әлемнің 71-ракеткасы Юлия Путинцева Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан Citi Open турнирінің екінші кезеңіне шықты. Ол бірінші айналымда жапониялық Куруми Нараны 4:6, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Матч үш сағатқа созылды.
Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы алдағы уақытта анықталады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бірінші айналымнан жарысты аяқтады. Ол америкалық Лаурен Дэвистен бірінші сетте 5:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте 1:2 есебімен жеңіліп жатып, жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.
Вашингтондағы жарыс 9 тамызда аяқталады.