Accessibility links

Standard & Poor's халықаралық агенттігі Еуропа Одағы рейтингісіне жасаған ұзақ мерзімдік болжамын "тұрақты" санатынан "негатив" санатына түсірді.

Агенттіктің дерегінше, бұл болжам ең алдымен ЕО-ның өз активтерін экономикалық қаупі жоғары мүше мемлекеттерге, оның ішінде Грекияны қаржыландыруға беруін жалғастыруынан шығып отыр. Теріс болжам жасауға бұған қоса Ұлыбританияның Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу мәселесіне қатысты референдум өткізуі де себеп болған.

Еуропа Одағы рейтингісінің төмендеуіне одақта Германиямен бірдей жарна төлейтін Франция мен Ұлыбританияның экономикалық көрсеткіштері де әсер еткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG