Accessibility links

Қостанайда тағы бір әкім орынбасары ұсталған


Қостанай облысының картасы.
Қостанай облысының картасы.

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелянның ұсталғаны туралы ақпаратты Азаттыққа қалалық 2-соттың маманы Гүлзада Жармұхамедова растады.

«Фрунзик Аракелян «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталған. Қалалық 2-сотқа тек оның ұсталғаны туралы хабарлама түсті» деді сот өкілі.

Фрунзик Аракелян соңғы бірнеше күннің ішінде Қостанайда құқық органдары қылмыстық әрекетке күдікпен ұстаған қала әкімінің екінші орынбасары болып отыр.

Бұған дейін, тамыздың 1-і күні, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев екі айға қамауға алынған еді. Құқық органдарының хабарлауынша, ол қаладағы құрылыс тендеріне қатысып жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан 13 миллион теңге (шамамен 69 мың доллар) пара алған болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған. Бұл іске байланысты құрылыс компаниясының директоры да қамалған.

XS
SM
MD
LG