Accessibility links

Астанада үлескерлер үй құрылысын аяқтауды талап етті


"Нұрбесік" тұрғын үй кешеніне жиналған үлескерлер. 5 тамыз 2015 жыл.
"Нұрбесік" тұрғын үй кешеніне жиналған үлескерлер. 5 тамыз 2015 жыл.

Бүгін Астанада он шақты үлескер салынып жатқан "Нұрбесік" тұрғын үй кешеніне жиналып, үй құрылысын бітіруді талап етті.

Жиналғандардың айтуынша, екі жақты келісім бойынша құрылыс компаниясы тұрғын үш кешенін 2015 жылдың басында өткізу керек болған.

"Кешенді келісім бойынша үйді наурызда өткізу керек болған. Кейін қайта жинап, маусымда өткізетіндерін айтты. Қазір әлі күтіп отырмыз, еш нәтиже жоқ" деді екі бөлмелі пәтер үшін 54 мың доллар салған үлескер Шолпан Құрманбаева.

Компания үлескерлерге әкімдіктен рұқсат жоқ болғандықтан құрылыс тоқтап тұрғанын айтқан.

Үлескерлердің жиынына Астана қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының өкілдері де келген. Бірақ олар үлескерлермен сөйлеспей, тек жағдайды видеокамераға түсіріп тұрған.

Әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер Азаттыққа бұл бітпей тұрған құрылысқа қатысты жағдайды тиянақты түсіндірмеді. Қалалық әкімдіктің Азаттық редакциясына жіберген хатында соңғы кездері "ұсынылып отырған ұсыныстарды тексермей, сатып алушыларды жүргізіп жатқан операциясының заңдылығына қатысты шатыстыратын бірнеше жылжымайтын мүлік агенттіктері жұмыс істейтіні" жазылған. Әкімдік хатында жылжымайтын мүлік агенттіктері мен тұрғын үй кешендерінің тізімін жіберіп, олардың жұмысын тексеру керектігін жазған.

XS
SM
MD
LG