Accessibility links

Сталин репрессиясын зерттеген тарихшы көз жұмды


АҚШ президенті Джордж Буш (сол жақта) тарихшы Роберт Конквестке президенттік Азаттық медалін тағып тұр. Қараша, 2005 жыл.
АҚШ президенті Джордж Буш (сол жақта) тарихшы Роберт Конквестке президенттік Азаттық медалін тағып тұр. Қараша, 2005 жыл.

АҚШ-та 98 жасында америка және ағылшын тарихшысы, Сталин тұсындағы қуғын-сүргін тарихын зерттеп танымал болған Роберт Конквест қайтыс болды. Марқұмның жұбайының айтуынша, Конквест 3 тамызда Калифорнияда өкпе қабынуынан көз жұмған.

Конквест СССР тарихына қатысты бірнеше кітап пен еңбек жазған. Оның 1968 жылы шыққан "Үлкен террор: Отызыншы жылдардағы Сталиндік тазалау" деп аталатын кітабы батыста совет одағының отызыншы жылдардағы ең беделді әрі танымал зерттеу саналады.

Соңғы ондаған жылда Конквест АҚШ-тың Гуверовск институтында жұмыс істеді. Ол Британ империясының орденімен марапатталған. 2005 жылдың қараша айында АҚШ президенті Джордж Буш оны президенттік Азаттық сыйлығымен марапаттады. 2006 жылы Украина Роберт Конквестке оның Голодомор тарихын зерттеудегі еңбегі үшін Украинаның мемлекеттік сыйлығы - Ярослав Мудрый орденін табыстады.

XS
SM
MD
LG