Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бірінші рет ресми сапармен Қырғызстанға барды. Бердімұхамедовті бүгін Бішкектің Манас әуежайында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев күтіп алды.
Екі күндік сапарында Бердімұхамедов Қырғызстан президентімен келіссөз өткізіп, екі жақты байланыстар мен ынтымақтастық жайын талқылайды. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркіменстан басшысының сапары барысында бірнеше құжатқа қол қойылмақ.
Бердімұхамедовтің сапары қарсаңында - 4 тамызда Бішкекте қырғыз-түркімен бизнес форумы өткен.
Атамбаев Қырғызстан президенті ретінде Түркіменстанға бірінші рет өткен жылдың қарашасында барған.