Accessibility links

Талғат Ермегияевті қамау мерзімі 1 айға ұзарды


«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.
«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.

"Аса ірі көлемде қаржы жымқырды" деген күдікке ілінген "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың айтуынша, Ермегияевті қамау мерзімін ұзарту шешімі 4 тамызда шыққан. Астананың Алматы аудандық 2-соты Ермегияевті қамау мерзімін 12 қыркүйекке дейін ұзарту өтінішін қанағаттандырған.

Талғат Ермегияев 12 маусым күні Астана қаласының Алматы ауданы №2 сотының қаулысымен үй қамаққа алынған. Кейін мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның "4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Назарбаев 2014 жылдың шілдесінде Талғат Ермегияевтың жұмысын сынаған болатын. «EXPO-2017» кешені құрылысын жалғастыруға 2015 жылы ұлттық қордан бұған дейін жұмсалған 25 миллиард теңгеге қосымша 40 миллиард теңге бөлінген.​

XS
SM
MD
LG