Малайзия премьер-министра Наджиб Разак Үнді мұхитындағы Реюньон аралының маңынан табылған ұшақ сынықтары Malaysian Airlines компаниясының MH370 ұшағына тиесілі деп мәлімдеді.
Бұл туралы Малайзия үкіметіне мұхиттан табылған ұшақ сынықтарына сараптама жүргізген француз мамандары хабарлаған.
Malaysia Airlines компаниясының MH370 жолаушылар рейсінің Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыз айында Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Ұшақ бортындағы 239 адамның барлығы қаза тапты деп жарияланған.