Qazaq Air әуе компаниясы ұшуға рұқсат беретін сертификат алды. Бұл туралы Қазақстан инвестиция және даму министрлігі мәлімдеді.
Осыған дейін әуе компаниясының баспасөз қызметі Qazaq Air өз қызметін рұқсат беретін құжаттар дайын болғаннан кейін бастайтынын мәлімдеген.
"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының мәлімдеуінше, жаңа Qazaq Air компаниясы 12 бағытта жолаушы тасымалдайды.
Жолаушылар тасымалдауға Bombardier Dash 8 Q400 ұшақтары пайдаланылады.
Әуе компаниясы қызметінің алғашқы кезеңінде Алматы – Қостанай, Алматы-Павлодар, Алматы-Талдықорған, Алматы-Балқаш, Астана-Балқаш, Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау арасына аптасына үш рейс, Алматы - Астана арасына аптасына жеті рейс, Алматы – Шымкент арасына аптасына сегіз рейс, Шымкент- Павлодар арасына екі рейске дейін ұшыруды жоспарлап отыр.