Accessibility links

Астанада зейнетақы туралы заңға өзгерістерді түсіндірді


Жинақтаушы зейнетақы қорының көшедегі баннері, Алматы. (Көрнекі сурет).
Жинақтаушы зейнетақы қорының көшедегі баннері, Алматы. (Көрнекі сурет).

Бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде зейнетақымен қамсыздандыру заңдарына енгізілген өзгерістерді түсіндірілді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова жұмыс берушілердің Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) төлейтін бес пайыздық жарнаның азаматтардың жеке меншігі деп саналмайтынын айтты.

Бірер күн бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойған. Заңға енгізілген өзгерістердің бірі - 2018 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы жүйесінің «жұмыс берушінің қосымша міндетті бес пайыздық зейнетақы жарнасы» есебінен жаңа шартты жинақтаушы компонентін құру болатын.

- Бұрыннан бар азаматтардың он пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыдай төлене береді. Ол қорда жинақталған қаржы мұрагерлікпен беріледі. Ал бес пайыздық зейнетақы жарнасына мұрагерлік құқығы жүрмейді және ол жұмысшының меншігі болып саналмайды. Себебі оны жұмыс беруші аударады. Ол жарналық қаржы БЖЗҚ активінде тұрады және зейнеткерлер арасында қайта бөлініп отырады, - деді Светлана Жақыпова.

Заңға енгізілген өзгерістер бойынша, 2017 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері «зейнеткерлік жасқа жеткен кездегі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталмақ». Бұл жерде зейнетақы тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жинақтау қорына қосылғандағы өтілі қосылып есептеледі. Егер еңбек өтілі 10 жылдан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейін сомасының 50 пайызына тең болмақ.

XS
SM
MD
LG