Accessibility links

Ариф және Лейла Юнусті 11 жылға дейін соттауды сұрады


Лейла және Ариф Юнус соты өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған жедел медициналық жәрдем көлігі. Баку, 6 тамыз 2015 жыл.
Лейла және Ариф Юнус соты өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған жедел медициналық жәрдем көлігі. Баку, 6 тамыз 2015 жыл.

Баку сотында мемлекеттік айыптаушы құқық қорғаушылар, ерлі-зайыпты Ариф Юнусты тоғыз жылға және Лейла Юнусты он бір жылға соттауды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Әзербайжан редакциясы.

Ариф Юнус бүгінгі сот процесінде кенет өзін нашар сезініп, сот залына жедел медициналық жәрдем қызметі шақыртылды.

Келесі сот тыңдауы тамыздың 10-ына белгіленді.

Ариф және Лейла Юнустерге мемлекетке сатқындық жасады, алаяқтық жасады, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылған.

Құқық қорғаушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындау бас тартып, қылмыстық іс саяси мақсатта қозғалған деп санайды.

XS
SM
MD
LG