Accessibility links

Түркиядағы апатта зардап шеккен қазақстандықтар есімдері аталды


Түркияда апатқа ұшыраған автобус.
Түркияда апатқа ұшыраған автобус.

Бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркияда бейсенбі күні апатқа ұшыраған автобуста болған қазақстандықтардың есімдерін жариялады.

Ресми ақпарат бойынша, апатқа тап болған автобуста Қазақстан азаматтары Аида Сарабаева (1996 жылы туған), Айдын Тілеубаева (1999), Азамат Тілеубаев (1992), Гүлнар Тілеубаева (1966), Зарина Цолоева (1993), Тоғжан Тұрғанбекова (1993) және Шолпан Тұрғанбекова (1989) болған. Апаттан зардап шеккен алты қазақстандық Денизлидегі ауруханаға жеткізілген. Ал Аида Сарабаеваның қайда екені анықталып жатыр.

Түркия билігі бұл жол-көлік апатын тексеріп жатыр. Автобус жүргізушісі ұсталған.

Тамыздың 6-сы күні Түркияның Пумаккале мен Анталия қалалары арасындағы тас жолда апатқа ұшыраған автобуста Ресей, Қазақстан, Латвия, Беларусь және Украина азаматтары болған.

Түркиядағы Ресей елшілігінің ақпараты бойынша, автобуста болған 64 адамның 38-і жарақат алып, алты адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG