Accessibility links

Түркияда автобус апатынан қазақстандық қаза тапты


Түркияда апатқа ұшыраған автобус.
Түркияда апатқа ұшыраған автобус.

Түркияда апатқа ұшыраған автобуста болған қазақстандық қыз Аида Сарабаева қаза тапты деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаевтың айтуынша, 1996 жылы туған Аида Сарабаеваның денесін бүгін қаза тапқан төрт адамның арасынан таныған. Бұған дейін Аида Сарбалаеваның қайда екені анықталып жатқаны хабарланған еді.

Абибуллаев қазір Түркиядағы консулдық Аида Сарабаеваның денесін Қазақстанға қайтару жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтқан.

Тамыздың 6-сы күні Түркияның Пумаккале мен Анталия қалалары арасындағы тас жолда жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған. Ресми ақпарат бойынша, апатқа тап болған автобуста Аида Сарабаевадан өзге Қазақстан азаматтары Айдын Тілеубаева (1999), Азамат Тілеубаев (1992), Гүлнар Тілеубаева (1966), Зарина Цолоева (1993), Тоғжан Тұрғанбекова (1993) және Шолпан Тұрғанбекова (1989) болған. Апаттан зардап шеккен алты қазақстандық Денизлидегі ауруханаға жеткізілген.

Алтай Абибуллаев зардап шеккен алты Қазақстан азаматының біреуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылғанын, қалған бесеуі ауруханада жатқанын айтқан.

Автобуста Қазақстан азаматтарынан өзге Ресей, Латвия, Беларусь және Украина азаматтары болған. Соңғы ақпараттар бойынша, автобуста болған 60 жолаушының 40-қа жуығы жараланып, төртеуі көз жұмған.

Түркия билігі бұл жол-көлік апатын тексеріп жатыр. Автобус жүргізушісі ұсталған.

XS
SM
MD
LG